Date of publication: 12.09.2019 10:00
Date of changing: 12.09.2019 10:01

 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін, салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енген.

         Осылайша, салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға мүмкіншілігі жоқ,  қаржылық қиыншылықтары бар салық төлеушілерге, қарыздардан құтылып, кәсіби жұмыстарын заң аясында жүргізуге толық мүмкіншілік береді және негезгі қарыз  төленген жағдайда шағын және орта бизнес субъектілерінең мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеттілігі жоқ, өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылатындығын назарларыңызға аламыз.

         Сонымен қатар, оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер, бересі сомасын толығымен төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыздарын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдау қажет.

         Одан бөлек, салық рақымшылығын падалануға мүмкіндігі бар субъектілерінің шеңберін кеңейту мақсатында, ҚР ҚМ МКК-мен  ағымдағы жылдың  29 тамызыныдағы «Жеке шоттарды жүргізу қағыдалрын бекіту туралы» бүйрығына  келесі толықтырулар енгізілген:

         -2018 жылдың қазан жағдайына салықтық текесрулер бойынша есептелген сомалары  шағымдануда   болғанына  байланысты, негізгі қарызы  болмаған;

         -2018 жылдың қазан жағдайына салықтық текесрулер нәтижелері туралы хабарламаның орындау мерзімі келмегеніне байланысты, негізігі қарызы болмаған;

         -өткен жылдарға  қосымша салық есептіліктерін тапсыру  есебінен 2018 жылдың 1-ші қазанынан кейін негізігі бересі пайда болған салық төлеушілердің қолдануға мүмкіндігі бар.

        

Шымкент қаласы бойынша МКД