
Қосылған құн салығын әкімшілендірудің жаңа әдістерін енгізуде жаңа жылдан бастап блокчейн технологиясы қолданылуда, яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексі щеңберінде қосылған құн салығы (ҚҚС) төлеушілерімен ҚҚС бақылау шотын ерікті негізде пайдалана отырып, тауарларға қатысты мәмілелер және ҚҚС сомасы бойынша ақша қозғалысын бөлек есепке алу механизмін енгізу қарастырылды.
Яғни, тауарларды жеткізу барысында сатып алушылар мен жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысу үшін контрагенттің ҚҚС бақылау шотына ҚҚС-ты қабылдау, сондай-ақ бюджетке ҚҚС төлеу үшін осы банктік шоттарға транзакциялардың түрін шектеу арқылы операциялардың жеке режимі қолданылады.
Ұсынылған шешімнің негізгі қағидасы ҚҚС-тың қаржы ағындарын бақылау және тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) түпкілікті тұтынушыларына, кейін ҚҚС жедел қайтару үшін, салық төлеушілердің нақты уақыт тәртібінде салық міндеттемелерін орындаудағы айқындылығы болып табылады.
Жаңа жүйе ҚҚС бірден қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл біріншіден, ірі салық төлеушілердің, яғни шағын және орта бизнес өкілдерінің уақыты мен қаржысын біршама үнемдейді.
Осыған қоса, айта кетейік, сандық технологиялар сыбайлас жемқорлық сияқты жегіқұрттан салық органдарын тазартуды көздейді.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.