
Тауарлар тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) кедендік рәсімдермен орналастырылады.
Тыйым салулар мен шектеулер – Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген, ЕУЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын, оның ішінде Одақ туралы шартқа сәйкес біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шаралары, техникалық реттеу шаралары, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, экспорттық бақылау шаралары, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралар және радиациялық талаптар.
Тарифтік емес реттеу шараларын, оның ішінде біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шараларының және техникалық реттеу шараларының сақталуы – Одақ туралы шартқа сәйкес Комиссия айқындаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен, ал экспорттық бақылау шараларының, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралардың сақталуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған жағдайларда және тәртіппен осындай шаралардың сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну арқылы расталады.
Жеке тұлғалардың Одақ туралы шартта көзделген, өздеріне ЕУЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде ЕУЭО кедендік аумағына әкелу және (немесе) ЕУЭО кедендік аумағынан әкету ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.
Егер тарифтік емес реттеу шарасын енгізу кезінде өздеріне қатысты осындай шара енгізілетін тауарларды орналастыруға жол берілмейтін кедендік рәсімдер айқындалса, онда көрсетілген тауарлар осы бөлімнің ережелеріне қарамастан, мұндай кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайды.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.