Date of publication: 17.09.2019 17:03
Date of changing: 17.09.2019 17:04

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, тұрғындардың назарына, 2018 жылдың салықтық кезеңі  бойынша жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 қазанында аяқталатының мәлім етеді.

         Осы салықтарды есептуге негіз болып құндық бағасы, жер учаскесінің көлемі,  салық салу объектісінің иесі және басқа да мағлұматтар көрсетілетін жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша мәліметтер табылады. Бұл мәліметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалымен табыс етіледі.

         ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің нормаларына сәйкес, салықты төлеуден босауға құқығы бар азаматтар санаты көрсетілген, оларға жеңілдік салық салу объектісінің құндық бағасына және жер учаскесінің түріне байланысты беріледі.

         Жеке тұратын зейнеткерлерге жеңілдікке құқық беру үшін негіз болып ХҚО мекен-жай анықтамасы, басқа тұлғалар бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалынан (әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы) мәліметтер алынады. Жыл ағымында жеңілдік пайда болған кезде салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына жүгіну қажет, ал жеңілдікке құқық осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап қолданылады.

         Төлемдерді «Казпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, банкоматтар, мобилдік қосымшалар, электронды әмияндар (Каспий, Киви және т.б.) арқылы төлуеге болады.

         Жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтары бойынша есептелінген салық сомаларын нақтылау үшін салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабарласып білуге болады .

 

 Шымкент қ .бойынша МКД

 Түсіндіру жұмыс басқармасы.