Date of publication: 17.09.2019 17:05
Date of changing: 17.09.2019 17:06

Жеке тұлғалар берешек сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz  сайтынан «Салықтық берешегінің жоқ/бар екендігі туралы мәлиметтер» бөлігінде білуіне болады.

         Мемлекеттік кірістер органына арнайы өтініш жазудың, ешқандай құжат әкелудің қажеті жоқ. Ең бастысы – жеке тұлға өзінің өткен жылдардағы салықтық міндеттемелері бойынша негізгі бересі сомасын төлесе болды. Мемлекеттік кірістер органдары дербес шоттардың жағдайына мониторинг жүргізіп отыра, негізгі бересі сомасы төлеген жағдайда есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.

         Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, салық берешегі бар азаматтарды мемлекет тарапынан есептелген өсімпұл түріндегі санкциясыз, өз салықтық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін пайдалануға шақырды.

                                                              

 Шымкент қ .бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.