
2020 жылдан бастап келесі қызмет түрлерімен айналысатын жеке кәсіпкерлер, яғни сылақ жұмыстарын, ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын, сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды, автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды, бояу және шынылау жұмыстарын, такси қызметін, еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі және т.б жұмыстарды патент негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға құқылы.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет.
Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.
Одан басқа, бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.
Кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген онлайн-БКМ касса, мобильдік қосымшалар қарастырылған,олар;
- АПК «NURKASSA»
- RE KASSA
- WEB KASSA
- LIG HT KASSA
Шымкент қ .бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.