Date of publication: 23.09.2019 09:30
Date of changing: 23.09.2019 09:31

20.09.2019 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармалары және  кеден бекеттері басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті.

Жиналысты Шымкент қаласы бойынша МКД басшысы Н.Көшеров пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Жұмағали жүргізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы шеңберінде атқарылып жатқан шаралар, жемқорлықтың алдын алу маңыздылығы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік, жаза түрлері туралы мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Н.Көшеров Шымкент қаласы бойынша МКД қызметкерлері арасында бақылау жұмыстарын күшейту және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау туралы нақты тапсырмалар берді.

Өз кезегінде қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы А.Жұмағали жиналысқа қатысушыларға заң талаптарын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде ескертті.

Сондай-ақ, кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық іс шеңберіндегі ұсынуы, қылмыстық іс әрекет жасаған қызметкерлердің басшыларының жауапкершілігі  талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Н.Көшеров қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығына алғысын білдіріп, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін өз қызметінде заңдылықты сақтауға шақырды.