Date of publication: 23.09.2019 17:18
Date of changing: 23.09.2019 17:19

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына жеткізеді, яғни ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінен бастап жеке тұлғалардың жер, мүлік салықтары бойынша берешек сомалары туралы «SMS –хабарлама» жолдаудың  пилоттық жобасы іске қосылды.  

         Азаматтардың ұялы телефондарына берешек қарызы туралы қысқаша хабарлама келіп түсетін болады.

         Сонымен қатар,  «Каspi Bанк» АҚ мобилдық қосымшалары арқылы жеке тұлғаларға хабарламалары жолданады.

         Осыған қоса, 2018 жылға есептелген, 2019 жылдың 1 қазанына дейін төлеуге жататын тиісті салықтар бойынша, салық төлеушілерге пошта арқылы қағаз тасығышта , коммуналдық төлемдер түбіртектері арқылы да хабарламалар жолданып отырған. ҚР ҚМ МКК «Салық төлеуші кабинеті» жүйесінің қолданушыларына аталған хабарламалар электрондық түрде жолданған.

         Берешек қарыз сомаларын «Казпошта» АҚ бөлімшелері немесе екінші деңгейдегі банктер, банкоматтар, мобилдық қосымшалар, электрондық әмиан  арқылы төлеуге болады.

         2019 жылдың 1 қазанына дейін салық төлеушілерді өз Конституциялық міндетін орындауға шақырамыз.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.