Date of publication: 26.09.2019 16:57
Date of changing: 26.09.2019 16:58

Тарифтік реттеу басқармасымен 2019 жылдың 24 қыркүйегінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен «Шымкент - Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде «дөңгелек үстел» өткізілді.  Жиында электронды нысанда «Астана-1» ақпараттық жүйесі бойынша кедендік декларациялау барысында  инвестициялық келісім-шарттар мен арнайы инвестициалық келісім-шарттар шеңберінде жеңілдіктер беру, қорғау, демпингке қарсы баж ставкаларын қолдану кезіндегі тауарларға арналған декларацияларды толтыру ерекшеліктері қарастырылды.   

         Сондай-ақ, дәрілік заттарды ресімдеу кезінде ҚҚС төлеуден босату, импорталатын тауарларға ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу  тәртіптеріне түсініктеме берілді.

         2018 жылдың 13 шілдедегі №49 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың шығарылған елін айқындау (тауарлардың шығарылған елін айқындаудың преференциалды емес ереже) Ережесі айтылды.

         Дөңгелек үстелге қатысушылар «Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің электронды түрге өтуі хабардар етілді.  

                                                                           Шымкент қаласы бойынша

                                                                           МКД