Date of publication: 01.10.2019 15:29
Date of changing: 01.10.2019 15:30

2019 жылғы 30 қыркүйегінде Шымкент қаласы бойынша МКД «Шымкент-Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің базасында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері және кеден бекеттерінің қызметкерлері қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

         Дөңгелек үстел барысында тарифтік емес реттеу шаралары бойынша кеден заңнамасының нормалары, әкімшілік бұзушылықтарды болдырмау үшін рұқсат беру құжаттарын ұсыну, мерзімдерін сақтау, жарамсыз және жалған құжаттарды тапсыруға жол бермеу туралы  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.   Сондай-ақ ұсталынған тауарларға қатысты қолданыстағы заңнаманы қолдану және «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларациялардың  бағандарын  толтыру ерекшеліктері туралы айтылып өтті.

 

         Шымкент каласы бойынша МКД