
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық косымша құн салығын төлеуші болып тіркеуде тұрған салық төлеушілер шот-фактураны тек қана электронды түрде жазуға тиіс, сондықтан ҚҚС төлеушілер ЭШФ жүйесіне тіркелуі қажет.
ЭШФ жүйесіне тіркеуге тұрғандарға келесі жеңілдіктер ұсынылады:
1) Бастапқы бухгалтерлік құраттардан босатылады: тауар-көлік жүк құжаттамасы, төлем құжаттары, одан бөлек ЭШФ-да келісім-шарттың кейбір реквизиттерін жазуға мүмкіндік;
2) ЭШФ жазуды бірнеше адамдарға жазуға рұқсат беру;
3) Екі жақты келісім кезінде (экспортта) шет елдің валютасымен ЭШФ жазуға мүмкіндік;
4) Сатып алушы қай жерде болса да ЭШФ-ны тез арада жеткізу;
5) Жабдықтаушылармен және сатыап алушылармен ЭШФ жүйесінде мәліметпен алмасу;
6) Қателіктерді болдырмау және бұрын жазылған ЭШФ-ны қайта шақыртып алу мүмкіндігі, себебі, ЭШФ жүйесі өзі ЭШФ-ны дұрыс және толық толтырғанды бақылап, жүйенің операторымен рұқсат беріледі.
7) ЭШФ жүйесінде тіркелгендерге ҚҚС бойынша табыс ететін салық есептіліктері азайяды Мысалы, жабдықтаушымен тауар сату, қызмет көрсету, жұмыс жасау бойынша ЭШФ жазған кезінде сатылған тауар, қызмет, жұмыс айналымы бойынша реестр толтырмайды. Сатып алушыға жазылған ЭШФ бойынша сатып алынған тауар, қызмет, жұмыс бойынша сатып алушы реестрды табыс етпейді.
Мемлекеттік кірістер органдары үшін ЭШФ жүйесі тауардың жылжуын бақылауға мүмкіндік береді. Яғни, тауар шығарылғаннан немесе импортталғаннан бастап пайдаланушыға дейін нақты уақытта бақылауға болады, және де заңсыз шот-фактура жазуға жол берілмейді.
Бұл талаптың орындаумауы ҚР ӘҚБК-не сәйкес әкімшілік шара қарастырылған.
Шымкент қаласы бойынша МКД