
Шымкент қаласы бойынша МКД қызметкерлерімен, жеке кәсіпкердің авто жанармай құю станциясында10.10.2019 жылы аяқталған, тақырыптық тексеру нәтижесінде, есепке алатын бақылау аспаптарын (ЕБА) айналып өтіп, бензин өткізу деректері анықталды.
Яғни, тексеру кезеңінде 39,1 млн.теңгені құрайтын 230,3 тонна бензин ЕБА айналып өтіп өткізілген. Бұл құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 281 бабының 5 бөлігінің 10 тармақшасына сәйкес, 50 АЕК мөлшерінде айыппұлмен қоса, сот шешімі негізінде мұнай өнімдерін тәркілеу қарастырылған.
Жанама салықтарды
әкімшілендіру басқармасы