
Бақылау-касса машинасы дегеніміз тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн, деректерді беру функциясы жоқ фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғы, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар (жоқ) аппараттық-бағдарламалық кешен, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы.
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi, алайда 25.12.2017 жылғы № 121-VI Қазақстан Республикасы Заңымен төмендегі көрсетілген салық төлеушілер 01.01.2020 жылға дейін қолданбайды, олар:
- жеке тұлғалардың;
- адвокаттар мен медиаторлардың;
- қызметін патент негізінде арнаулы салық режимiн, бірыңғай жер салығын төлеу негізінде салық режимін қолданатындар;
- уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;
- екінші деңгейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу үшін:
- бақылау-касса машинасын есепке қоюды;
- тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;
- бақылау-касса машинасын есептен шығаруды қамтиды.
Модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша салық органдарында есепке қоюға жатады.
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары салық органдарында есепке қоюға жатады.
Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою үшін салық төлеуші салық органына:
- бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
- салық төлеуші туралы мәліметтері бар бақылау-касса машинасын;
- нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен (болған кезде) куәландырылған тауар чектерінің кітабын ұсынады.
Барлық қызмет түрлері мен қолдану мерзімдері туралы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтында http://shymkent.kgd.gov.kz/ru орналастырылған.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы