
Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбестен тасымалданатын (тасылатын) кедендік ресім болып табылады.
Кедендік транзит кедендік рәсімі:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕУЭО) кедендік аумағы бойынша өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылмаған шетелдік тауарларды, сондай-ақ ЕУЭО:
Комиссия айқындайтын жағдайларда экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған;
- АЭА бір аумағынан АЭА басқа аумағына тасымалданатын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларын тасымалдау (тасу) үшін;
2) ЕУЭО тауарлары мен шетелдік тауарларды ЕУЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен ЕУЭО кедендік аумағының бір бөлігінен ЕУЭО кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалдау (тасу) үшін қолданылады.
Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды:
1) келу орнындағы кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;
2) келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін;
3) ішкі кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;
4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін;
5) ЕУЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен кеден органдары арасында тасымалдау (тасу) кезінде қолданылады.
Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
Жөнелтуші кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін жеткізілуге тиіс мерзімді белгілейді.
Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.
Көліктің өзге де түрлерімен тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі көліктің түрі және көлік құралының мүмкіндіктері, тауарлар тасымалдаудың белгіленген маршруты, басқа да тасымалдау шарттары және (немесе) декларанттың немесе тасымалдаушының өтініші негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көлік құралы жүргізушісінің еңбек пен демалыс режимінің талаптары ескеріле отырып, тауарлар тасымалдаудың (тасудың) қалыпты мерзіміне сәйкес белгіленеді, бірақ ол кедендік транзиттің шекті мерзімінен аспауға тиіс.
Кедендік транзиттің шекті мерзімі бір айға екі мың километр есебінен айқындалатын мерзімнен не кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдау ерекшеліктерін негізге ала отырып, Комиссия айқындайтын мерзімнен аспауға тиіс.
Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына тауарлар жеткізілгеннен кейін аяқталады.
Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін тауарларды жеткізу орнында тауарлар кедендік бақылау аймағына, оның ішінде тауарлар өздері жеткізілген көлік құралынан түсірілмей орналастырылады.
Тауарлар кедендік бақылау аймағына тәуліктің кез келген уақытында орналастырылады.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы