
«Әуежай-Шымкент» кеден бекеті халықаралық тасымалдау көлік құралдарының қозғалысына, сонымен қатар, жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багаждарындағы тауарларға кедендік бақылау жүргізеді.
1. Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер:
Олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:
-
ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
-
ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;
-
планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;
-
портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;
-
зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;
-
велосипед – бiрадамға 1 (бір) дана;
-
бала арбасы – бiрадамға 1 (бір) дана;
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.
2. Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.
3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.
«Әуежай-Шымкент» кеден бекеті