Date of publication: 31.10.2019 11:09
Date of changing: 31.10.2019 11:11

«Әуежай-Шымкент» кеден бекеті халықаралық тасымалдау көлік құралдарының қозғалысына, сонымен қатар, жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багаждарындағы тауарларға кедендік бақылау жүргізеді.

Ағымдағы жылы халықаралық әуе рейстердің саны – 801, олардың ішіндегі: 404 ҚР-нан және 397 ҚР-на.  

Кедендік шекара арқылы барлығы 103 408 жолаушылар өткен (53 942 ҚР-нан және 49 466 ҚР-на).

Сонымен қатар, 2019жылдың есептік мерзімде 361 жолаушылар кедендік декларациясы рәсімделген, оның ішінде ҚР-на – 109, ҚР-нан – 252.

Ағымдағы жылдың «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінен Шымкент - Стамбул бағытындағы халықаралық әуе рейсінен өту кезінде жалған мәлімет бергені үшін 3 жеке тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 551-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 75 750 теңге айыппұл салынған.

 

«Әуежай-Шымкент»

кеден бекеті