
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 27 маусымда сөйлеген сөзінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және тұтастай экономиканы цифрландыру маңыздылығын атап өтті: «Бүгінде белгілі бір дәрежеде немесе басқа кедергілер болып жатқан барлық процестерді алып тастап, оларды автоматтандырылған ету керек. Азаматтар сапалы мемлекеттік қызметтерді еш қиындықсыз автоматты түрде алуы керек».
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызмет алушыларға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметті электрондық турде алуға болатының хабарлайды, яғни олар:
«Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Салық есептілігін керi қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Еуразиялық экономикалық одағында тауарларды экспоррттау (импортау) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарт
«Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты т.б.
Мемлекеттік деректер қоры «Е-лицензирование» арқылы:
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру, қайтар есімдеу, лицензияның тел нұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Халық аралық тасымалдаудың құралын тауарларды кедендік пломбалар мен және мөрлер мен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
Сонымен қатар Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу ол:
-Жұмыс ұақытын тиімді пайдалануға және есептілік нысандарға қаражат жұмсалмайды;
-Электрондық үзінділерді алуға;
-Жедел ақпараттандыруға;
-Салық есептіліктері қабылданғаны туралы мәлімет;
- Тәулік бойы қол жетімділігі;
- Мәліметтерді интернет жүйесінен компьютер, планшет, телефон арқылы алуға мүмкіндікті;
- Кезекті болдырмауға;
- Бекітілген мерзімде алуға әкеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz. ресми сайтында орналасқан.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.