Date of publication: 06.12.2019 15:46
Date of changing: 06.12.2019 15:49

1

Аударымдарды төлеушілер болып:

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады.

2

Жұмыс берушілерден, оның ішінде жеке кәсіпкерлерден жалдамалы жұмысшылары бар шаруа қожалықтарынан:

2020 жылдан бастап -2 пайыз кіріс түрінде жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объект республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

3

Жұмыс берушілер,   мыналар аударымдар төлеуден босатылады.

 

  • балалар;
  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
  • зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
  • мүгедектер;
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
  • әскери қызметшілер;
  • арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
  • құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

5

Жарналарды төлеушілер болып:

 

- мемлекет;

- әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;

- дара кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысатын адамдар;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);

- жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары;

 - бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар табылады.

6

жарналарды төлеушілер болып табылмайды:

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен оралмандарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

7

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.

Жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жеке тұлғаның кірістерінің барлық түрінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

8

Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары жекелей санаттағыларға 2015 жылдағы 16 –қарашадағы  №405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 26 – бабына сәйкес.

4 пайыз - Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі болып табылады. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

9

Дербес төлеушілердің жарналары

5  пайыз  2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жеке тұлғаның кірістерінің барлық түрінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс және дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.

 

Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары

 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

- дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.

- дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.

- патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде аударады.

                                                                                                             

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыс басқармасы