Date of publication: 11.12.2019 09:36
Date of changing: 11.12.2019 09:39

         Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Жол полиция қызметкерлерімен жеке сот орындуашыларымен көлік құралдарының берешек сомаларын өндіру мақсатында бірлесіп рейдтік іс шаралар жүргізіліп жатыр.

         Аталған іс-шара кезеніңде, салық төлеушілерге берешек қарыздарын өтеу туралы хабарламаларды табыс ету мен жеке сот орындаушылардың түзілген Қаулысы бойынша борышкерлердің меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi мүлiктi пайдалануға тыйым салуал орындамаған жағдайда айыппұл тұрағына көлікті қамау мәжбүрлі шаралары қолданылды.

Бүгінгі таңға 562,0 млн.теңге берешек қарызы бар 30 мыңнан астам тұлғаларға салық бұйрығы табыс етілген, оның ішінде 8 мың тұлға 236,0 млн.теңге берешегін өтеген, ал қарызын төлемеген 40 көлік құралы айыппұл тұрағына орналастырылған. 

         Салық төлеушілердің 2019 жылдың көлік салығын төлеу мерзімі 31 желтоқсан екенің назарына сала, Шымкент қаласы бойынша МКД борышкерлерге мәжбүрлі түрде емес ал өз ерікті түрде берешегің өтеуге шақырады.

Берешегі туралы мәліметті ҚР ҚМ МКК kgd.gov.kz сайтының «Электрондық сервистар» режиміннің «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» алуға болады.

         Кaspi.kz, homebank.kz және екінші денгейдегі банктердің мобилды қосымшалары арқылы салықтарды төлеуге болады.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.