
Желтоқсан айының мерекелер аясында Шымкент қаласы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі Сметов Шалқар Онгарбайұлы ағымдағы жылдын 12 желтоқсаңында аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармалары және Департаменттің қызметшілермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөнінідегі уәкіл туралы Ережесінің қағидаларын түсіндіріп, яғни мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға,сондай-ақ жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуі тиіс.
Сондай ақ, осы қағиданың 7 тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс- деп айтты.
Сонымен қатар,мемлекеттік қызметшілер жұмыс барысында немесе қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамдық жерде қоғамға жат мінез-құлық көрсетпеуге, сонымен қатар фото бейне материаладрын әлеуметтік желілерде орналастыруға жол бермеуге тиіс деп кездесуді қортыңдады.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттіккірістер департаменті