
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 173 қаулысымен «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 01.01.2020 жылдан бастап өндірушілердің өздері өндірген бензинді көтерме саудада өткізуінің акциз мөлшерлемесі тоннасына 24 435 теңге болып бекітілгенін хабарлайды(01.01.2020 жылға дейін ол акциз мөлшерлемесі тоннасына 10 500 теңге болатын).
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жанама салықтарды
Әкімшілендіру басқармасы