
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен, Дулати көшесінде орналасқан «Қазыбек» базарында жүргізілген тақырыптық тексерулер барысында, салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмей Қырғызстан Республикасынан «Алма» жемісін импорттап, оны сатумен айналысып жүрген үш жеке тұлғалар анықталды. Оларға қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына ҚР ӘҚБК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құжаттары жолданып, нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 463 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әр қайсысына 37 875 (отыз жеті мың сегіз жүз жетпіс бес)теңге әкімшілік айыппұлдары салынды.
Сонымен қатар, жеке тұлғалардың «Алма» жемістеріне тауар-ілеспе құжаттары болмағандықтан жемістері тәркіленіп, 320.00 328.00 салық есептілік нысандары тапсырылып, 105115 бюджеттік сыныптама кодына 64000 теңге мөлшерінде импортталған тауарларға ҚҚС төленді.
Экспорттық бақылау басқармасы
Шымкент қаласы бойынша МКД