Date of publication: 27.12.2019 16:49
Date of changing: 27.12.2019 16:50

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілері мен жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасалатынын еске салады.

Салықтық рақымшылық шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салық төлеушінің 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайына болған негізгі бересі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады.

Бүгінгі күні 650 млн. теңге сомасына бересіні төлеген 2556 салық төлеуші салықтық рақымшылығын пайдаланды, олардың 137 млн. теңгеге өсімпұлы және 124,1  млн.тенге айыппұлдары есептен шығарылды.

Бұл ретте қосымша салық есептілігі бойынша есептелген өсімпұлды есептен шығару 2019 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде төленбеген жағдайда жүргізіледі, ал өз мерзімде төленген өсімпұл есептен шығаруға жатпайды.

Салықтық рақымшылық аясында біздің отандастарымыз өткен жыл үшін салық міндеттемелері (мүліктік, жер, көлік және басқа да салықтар) бойынша негізгі бересі сомасын төлеген жағдайда, олардың қарыз сомасына үстемі есептелген өсімпұл есептен шығарылады.

Осыған байланысты, бұрынғы салық кезеңдерінде жинақталған борыштары бар жеке тұлғалар салықтық рақымшылықты пайдалана алады және ағымдағы жылдың соңына дейін негізгі бересі сомасын төлеген кезде есептелген өсімпұл сомасы Мемлекеттік кірістер органдарымен автоматты түрде шегіріледі.

Қазіргі уақытта 85,6 млн.теңге негізгі қарызын төлеген 62 149 жеке тұлғаралдың 503,2 млн.теңге өсімпұл есептен шығарылды.

Салықтық рақымшылық акциясы ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады, осыған байланысты мемлекет алдындағы негізгі борышты өтеп өз мүмкіншіліктеріңізді пайдалануға аз да болса уақыт бар.

Салықтық рақымшылық аясында барлық туындаған сұрақтар бойынша  Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне  35-51-87 телефон арқылы және салық төлеушілердің тіркеу деректеріне сәйкес орналасқан жері бойынша өзінің Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласуға болады.

                                                       

                                                                    Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыс басқармасы