Date of publication: 31.12.2019 09:37
Date of changing: 31.12.2019 09:38

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер депаратменті салық төлеушілер тарапынан қаржылық тұрақтылық бойынша  шағымдар түсуіне байланысты келесіні хабарлайды.

         2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап,құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулар біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізіледі.

Құрылыс саласында  жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қойылатын талаптарда,  әлеуетті өнім беруішінің біліктілік талаптарына оның қаржылық орнықтылығы, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ережемен бекітілген көрсеткіштерге сәйкес келуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы№ 648 бұйрығымен екітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары ереженің 446,447 тармақтарына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды.

1) кірістер (айналым қаражаты);

2) төленген салықтар;

3) негізгі құралдар;

4) еңбек ақы төлеу қоры.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады:

      1) әлеуетті өнім берушінің кірістері (айналым қаражаты) өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) төленген салықтардың көрсеткіші өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес әлеуетті өнім берушінің осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кірісінен кемінде үш пайызды құрайды.

Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

 ТСК = ТС / ЖЖК х 100%,

      мұнда:

      ТСК-төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС-төленген салық сомасы;

      ЖЖК-әлеуетті өнім берушінің жиынтық кірісінің сомасы;

 3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлы есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

4) әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.

Егерде, әлеуетті өнім беруші тарапынан есептелетін үш жылдық кезеңіне  қосымша салық есептілігі тапсырылған жағдайда қаржылық тұрақытылығы бойынша камералдық бақылау нәтижесімен мемлекеттік сатып алу веб-порталына өзгерістер енгізіледі.

Өзгерістер енгізу үшін, қосымша тапсырылған салық есептілігі нәтижесін төленген салық сомасын растайтын құжаттармен ҚР ҚМ МКК жүгіну қажет.

Бұл жағдайда, әлеуетті өнім берушіге төлеген салық және өзгеде міндетті төлемдері  бойынша қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік қарастырылған.

 

                                                        Шымкент қаласы бойынша МКД

                                                                       Камералдық мониторинг басқармасы