
Салық кодексінің 463-бабының 4 – тармағына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап сигареттерге акциз ставкалар 13,8% өсті (2019 жылда 8700 тенге/1000 данаға).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан акциздер мөлшерлемері:
– өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) көтерме саудада өткізуі 1 тоннаға 24 435 теңгені;
– өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы 1 тоннаға 24 935 теңгені;
– импорттау кезінде 1 тоннаға 24 435 теңгені;
– салық кодексінің 462-бабы 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру 1 тоннаға 24 435 теңгені құрайды.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Түсіндіру жұмыс басқармасы