Date of publication: 20.01.2020 09:34
Date of changing: 20.01.2020 09:36

2020 жылдың 17 қаңтарында сағат 15-00-де Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  "Адалдық алаңы" ұранымен Салық кодексіне негізгі жаңалықтарды түсіндіру бойынша республикалық акция өткізу аясында "Юг Сити", "Әл-Фараби", "Баян сұлу", "Рахима плаза", "Гиперхаус", "Наурыз парк" сияқты ірі сауда үйлерінде, Еңбекші ауданы бойынша МКД-ың акт залында  салық төлеушілермен кездесулер өткізді.

Мемлекеттік кірістер органдарының жауапты мамандары микро және шағын бизнес компанияларын табыс салығын төлеуден үш жыл мерзімге босату, арнайы салық режимі (патент бойынша) бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың басқа салық режимдеріне ауысуы, онлайн бақылау кассалық машиналарын қолдану туралы, бірынғай жер салығы бойынша өзгерістер, міндетті медициналық сақтандыру туралы, жалпыға бірдей декларациялау және т.б. мәселелері бойынша жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Кездесу барысында салық төлеушілердің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

 

                                                                                  Шымкент қаласы бойынша

Түсіндіру жұмыс басқармасы