
«Тіркелген салық» 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қысқартылған, осыған орай осы салықтың бұрынғы төлеушілері болып табылатын тұлғалар былдан бастап салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданушы деп танылады.
Осыған сәйкес, тіркелген салықтың төлеушілері Салық кодексінің 90-бабы 2-тармағының ережелері негізінде тіркелген салықпен салық салу объектілерін есептен шығаруы тиіс және оларды қолданудың талаптарына сәйкес болған кезде салық салудың басқа да режимдерін тандауға құқылы.
Арнаулы салық режимін (АСР) таңдау тәртібі Салық кодексінің 679-бабымен реттеледі.
Осылайша, Салық кодексінің 679-бабының 2-тармағында салық төлеуші жаңадан құрылғанды қоспағанда, қолдану шарттарына сәйкес болған кезде:
1) патент негізінде - салық салудың жалпы белгіленген тәртіптен немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінен (қызмет түрлері сәйкес келмейді, тиісінше осы АСР таңдауға құқылы емес);
2) оңайлатылған декларация негізінде - жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін, арнайы салық режимін патент негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінен;
3) тіркелген шегерімді пайдалана отырып - салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін, шағын бизнес субъектілері үшін басқа да арнайы салық режимдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнайы салық режимдерінен арнаулы салық режиміне көшуге құқылы екендігі белгіленген.
Арнаулы салық режимін қолдану шарттары Салық кодексінің 683-бабында белгіленген және қызмет түрлері бойынша қызметкерлердің саны мен табыстарын шектеуді көздейді.
Мәселен, айырбастау пункттерінің қызметі қаржылық қызметке жататынын ескере отырып, айырбастау пункттерінің уәкілетті ұйымдары шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдануға құқылы емес және тиісінше, олар үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі сақталады.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.