
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 24 желтоқсанынан бастап ҚХР және ҚР кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына алдын ала ақпараттандыру мәліметтерімен өзара алмасу жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Мәліметтермен алмасудың мақсаты кедендік рәсімдеріне, оның ішінде кедендік транзитінің кедендік рәсімдеріне, тауарларды орналастыру кезінде тауарларды декларациялаудың дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша кедендік бақылауды жүргізу үшін жөнелтуші елдің экспорттық декларациясының деректерімен, межелі елдің кедендік декларациясында ұсынған деректерді салыстырды жүргізу болып табылады.
Деректерді алмасуды енгізу кедендік бақылаудың тиімділігін арттырады, қазақстан-қытай шекарасы арқылы көлік құралдарының тез өтуін қамтамасыз етеді, дұрыс декларациялаудың анықтығын жоғарлатады, жемқорлық қауіпін төмендетеді.
Бұл ретте, мәліметтердің дұрыстығы тауарлардың жасыл дәлізбен өту артықшылығына ие болады, кедендік тексеріп қарауды қажет етпейді.
Сонымен қатар, ҚХР экспорттық декларациясымен салыстырылған ТД-да ұсынылған дұрыс емес мәліметтер ҚР заңнамаларына сәйкес жаупкершілікке тарту, айыппұл, қосымша кедендік төлемдер мен салықтар, СЭҚҚ жоғары қауіпті санатына жатқызу және т.б. салдарларға әкелуі мүмкін.
Осыған орай, ҚХР экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыратынСЭҚ қатысушыларын, ҚХР экспорттық декларацияларындағы мәліметтермен сәйкес келетін декларацияларды дұрыс ұсынуға шақырамыз.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Кедендік әкімшілендіру басқармасы