
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау мақсатында халыққа қол жетімді тегін құқықтық қызметтерді бір жерден көрсетуге байланысты Шымкент қаласы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтер орталығы (әрі қарай-Орталық) халыққа қызмет көрсетуде.
Қала тұрғындарының қолданыстағы салық кодексінің заң талаптарына сәйкес мәселелерін оңды шешу бағытында, әр айдың соңғы аптасының сейсенбі күні сағат 10:00-де Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы немсе орынбасарлары Орталықта жеке қабылдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Қабылдау Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі №3 (Нұр Отан партиясы ғимаратында) 1 қабатында өткізіледі.
Шымкент қаласы бойынша МКД