
Жалпыға бірдей декларациялауды енгізудіСалық кодексінің 71-тарауына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды және әр кезең-кезеңімен көшу көзделіп отыр, яғни;
Бірінші кезеңде – 2021 жылдың 1 қаңтарынаң бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:
- жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайлары (зайыбы);
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыбы);
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыбы);
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Екінші кезеңде – 2023 жылдың 1 қаңтарынаң бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Үшінші кезеңде – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсырады.
Төртінші кезеңде – 2025 жылдың 1 қаңтарынаң бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.