Date of publication: 28.01.2020 12:17
Date of changing: 28.01.2020 12:19

Салық кодексінің 347 бабына сәйкес көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім қарастырылған, яғни күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) жиынтығында 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде екі ата-анаға төмендегі тәртіптердің бірімен:

     1) көп балалы отбасы ата-анасының біріне – әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23 еселенген мөлшерінде, яғни 60 973 теңгені құрайды.

      2) көп балалы отбасы ата-анасының әрқайсысына әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде немесе 31 812 теңге көлемінде қолданылады.

         Алайда, аталған заң нормасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,2021 жылдың 1 қаңтарыңа дейін тоқтатыла тұрсын деп белгіленген.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.