Date of publication: 29.01.2020 11:19
Date of changing: 29.01.2020 11:23

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Қазақстан Республикасының Заңымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала статусын алған, осыған орай Салық кодексіне салық мөлшерлемелерін өзгерту бөлігінде толықтырулар енгізілді.

         Жеке тұлғалардың мүлік салығы, яғни Салық кодексінің 529-бабына сәйкес  2020 жылдың 1 қаңтарынан  бастап Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалар деңгейіне арналған бір шаршы метр тұрғын үйдің, саяжай құрылысының  базалық құны көтеріліп 60 000 теңгені құрап отыр.

         2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елді мекендердің жерлеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) салынатын жер салығының базалық салық мөлшерлемелері жоғарылатылды, олар:

         -Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшері 19,30 теңге;

         -Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшері 0,96 теңгені құрайды.

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.