
2019 жылдың 2 жартыжылдығының кезекті салықтық есептіліктердің тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін. Атап айтқанда, 200.00 салықтық есептілік нысаны (СЕН) «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы», 300.00 «Қосылған құн салығы», 870.00 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация», 590 «Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларация» декларациялары бойынша.
Салық төлеушілермен өз салықтық міндеттемелерін, яғни салықтық есептіліктерін уақытылы орындау мақсатында, есептілікті табыс етудің соңғы күнінен қалдырмай алдын ала қамсыздану қажет.
Салық нысандарын салық органдарына электрондық нысанда ұсыну салық есептілігін өндеу жүйесі немесе «Салық төлеуші кабинеті» арқылы жолдауға болады.
Сонымен қатар, салық нысандарын Мемлекеттік кірістер басқармаларында орналасқан терминалдар арқылы да жолдауға мүмкіншіліктер бар.Салық төлеуші нысандарды табыс ету мерзімін, салықтық өтініш негізінде электронды түрде жолдай алады.
Салықтық есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту үшін тіркеу есебіне қойылған жері бойынша салықтық есептілікті ұсыну үшін белгіленген мерзім өткенге дейін хабарлама қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберіледі.
Мерзімді ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін өзгертпейді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 74-бабы 3-тармағына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық органының электрондық цифрлық қолтаңбаны берген нәтижесінде төлеушінің тіркеу есебіне электрондық салық төлеушi ретінде тіркеу жүргізілмейді, тек Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы қолданылады.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.