
29.01.2020 жылыШымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының өкілдерікездесу өткізді.
Кездесуге Республикалық ақпараттық үгіт-насихат Штабының жетекшісі, қоғам қайраткері Ырза Тұрсынзада,Штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі А.Бердалин, Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Е.Төлебаев, Департамент басшысының орынбасары Н.Құлымбетов пен Әдеп жөніндегі уәкілі Ш.Сметов және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында штаб жұмысы туралы, мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық қасиеттері, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін жоғарылату, ол үшін сананы өзгерту қажеттігі түсіндірілді.
Шымкент қаласы бойынша МКД