
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 11.12.2019 жылғы №1370 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, заңды тұлғалардың шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығы төлену үшін 101111 (мұнай секторы ұйымдары және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің түсімдерін қоспағанда, заңды тұлғалардың корпоративтік табыс салығы) қосымша бюджеттік сыныптама коды ашу қажеттігін назарларыңызға жеткізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 30.12.2019 жылғы №309 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке корпоративтік табыс салығын төлеуші ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» 30.12.2019 жылғы №1449 бірлескен бұйрығына сәйкес 101110 (мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаларының корпоративтік табыс салығы) бюджеттік сыныптама кодына корпоративтік табыс салығын төлеу қажет ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі бекітілді.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.