Date of publication: 11.02.2020 16:05
Date of changing: 11.02.2020 16:06

Мемлекеттiк баждың артық төленген сомасы келесі жағдайларда ішінара немесе толық көлемінде қайтарылады, яғни;

  1. Егер, салық кодексімен белгілен сомасынан көп мөлшерде төленгенде, немесе талап қоюшы сотқа талап арыз және өзге де өтініштер (шағымдар) берген кезде өз талаптарының сомасын азайтқан жағдайларда;
  2.  іс төрелікке берілгенде;

      3)   іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда – толық көлемінде, кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде қайтарылады;

      4) талап арыз немесе өзге де өтініш (шағым) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттiк берілген адамдар нотариаттық әрекеттердi жасаудан бас тартқанда;

      5) егер iс сотта қарауға жатпайтын болса, сондай-ақ егер талап қоюшы дауды алдын ала шешудiң осы санаттағы iстер үшiн белгiленген тәртiбiн сақтамаған не талапты әрекетке қабiлетсiз адам қойған болса, іс бойынша iс жүргiзу тоқтатылған немесе талап қою қараусыз қалдырылғанда;

      6) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар әрекеттердi жасайтын органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқанда;

      7) сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат қайтарылғанда;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларында.

         Мемлекеттік баж келесі жағдайдарда кері қайтарылмайды:

      1) талап қоюшы талап қоюдан бас тартқанда;

      2) талап қоюшы өз талаптарын азайтқанда;

      3) сот бұйрығының күші жойылған жағдайларда қайтарылмайды.

         Салық төлеуші баждың артық төлеген сомасын кері қайтаруға өзінің салықтық өтінішіне  тиісті мемлекеттік органның растайтын құжатын қоса тіркейді.

         Егер мемлекеттік мекеме іс бойынша тарап болып табылатын мекеме болған жағдайда, салық төлеушіге баждың артық төленген сомасын салықтық өтініштің және заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде қайтарылады.

         Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын кері қайтаруды, оның төленген жері бойынша салық органы 10 жұмыс күні ішінде  салық төлеушінің банктік шотына аударулуын қамтамасыз етеді.

         Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттарды салық органына сол бажды төлеген күннен басатап үш жыл мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс.

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.