
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы
1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:
1) Салық кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);
2) Салық кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;
3) Салық кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленген.
Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері (микрокәсіпкерлік субъектілері) деп танылады.
Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;
2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
4) лотерея өткізуді;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;
6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;
7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
8) аудиторлық қызметті;
9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;
10) кредиттік бюролардың қызметін;
11) күзет қызметін;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;
13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;
14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;
15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;
16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды».
Бақылау-касса машинасы электрондық құрылғы арқылы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеледі және көрсетіледі.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департамнті кәсіпкерлерді өзінің конституциялық борышын адал атқаруға және тиісті салықтарды толық көлемде төлеуге шақырады.
Сонымен қатар, азаматтар азаматтық ұстанымды көрсетіп, тауарларды сатып алу және қызметтерді алу кезінде бақылау-касса машинасының фискалдық чегін талап етуі тиіс.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы