
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, 2019 жыл үшін көлік салығын қалай санау керек немесе салық соммасын қайдан білуге болады? Жауабы: Салық соммасын дербес ҚР ҚМ МКК сайтында "Калькуляторлар" сервисіндегі "Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы" бөлімінде білуге болады. Сондай-ақ салық соммасын МКК Байланыс орталығына 1414 нөмірімен хабарласып білуге болады немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуіне болады. |
Сұрақ: Бұрын (2019 жылға дейін) мен көлік салығын төмен ставка бойынша төледім, ал 2019 үшін салық соммасы жоғарғы ставка бойынша келіп тұр. Неліктен? Жауабы: Салық соммасы жоғарлатылған ставкамен 3000 куб.см. жоғары көліктер бойынша есептеледі, ІІМ ӘПК мәліметтеріне сәйкес ҚР аумағына әкелу (өндіру, дайындау немесе жинау) күні 31.12.2013 жылдан кейін болды. |
Сұрақ: Көлігімді саттым, ал көлік құралдарына салық есептелді? Жауабы: Көлік салығын есептеу уәкілетті органның мәліметтері негізінде жүргізіледі. Тиісінше көлікті сатқан кезде иелік еткен кезеңде салықтарды төлеу керек. Бұл ретте көлік салығы бойынша алдағы төлемдер есебінде салық төлеушінің дербес шотында бар төленген сомалар бойынша ақпарат пайдаланылды. Осылайша, егер салық төлеуші салық сомасын көлік есептен шығару кезінде төлесе және төлем жеке шотына келіп түссе, онда бұл ақпарат көлік салығы бойынша алдағы төлемдерді есептеу кезінде ескерілді. Егер салық төлеушіге көлік салығы бойынша хабарлама келсе, ол сатылған және ол бойынша төлеу жүргізілген болса, онда салық төлеушіге тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына салық төленгенін растайтын құжаттармен (төлем туралы түбіртек) жеке шотына түскен төлемдер мәліметтерді нақтылау үшін бару қажет. |
Сұрақ: Көлік жоқ, және болған жоқ, ал салық есептелді? Жауабы: Көлік салығын есептеу уәкілетті органның мәліметтері негізінде жүргізіледі. Машина болмаған жағдайда, уәкілетті органнан(Арнайы ХҚКО-Авто ХҚКО) меншік құқығында автокөліктің жоқтығы туралы анықтама ұсыну қажет.. Бұдан басқа мәліметтерді түзету және болашақта қайталанатын жағдайларды болдырмау үшін ЖП әкімшілік полиция басқармасының аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет. |
Сұрақ: Жеке тұлғалардың қандай санаттары көлік құралдарына салық жеңілдіктерін алуға құқылы? Жауабы: Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша; меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер –салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша. Осындай көлік құралдары пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды. |
Сұрақ: Kaspibank-қа (Homebank) 2019 жылға арналған көлік салығы туралы хабарлама келіп түсті, неге сайтта көліктің көлемін тексергенде, оның мөлшері әлдеқайда көп және Kaspi-де алынған сома аз? Жауабы: Каспий банкіне (Homebank) көлік құралдарына салынатын салық туралы ақпарат жеке шоттағы қалдықты (артық төлеу немесе берешек) ескере отырып көрсетіледі, ал егер салық төлеушінің жеке шотында артық төлеу болса, тиісінше бюджетке төленетін салық сомасы аз болады.
|