
Медицина қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қорынан әлеуметтік төлемдер мен салық төлеуден босату түрінде медицина қызметкерлерін қолдаудың шаралары қабылданды.
Мұндай шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысымен көзделген. Жеке аурухана ұйымдарының, шипажай -курорттық ұйымдардың қызметін жүзеге асыратын жеке дәрігерлік практика мен стоматология саласындағы шағын, кіші немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мөлшерлемелерге (ҚР ҮҚ 1т.) «0» түзету коэффициенті белгіленді:
-төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан;
- әлеуметтік салықтан;
-міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан;
-әлеуметтік аударымдардан;
-міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардан.
Жоғарыда көрсетілген салықтық босатулар төлем кезеңі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін болатын міндеттемелер бойынша қолданылады.
Ұйымның меншік нысанына қарамастан, барлық медициналық қызметкерлер үшін сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген салықтардан (ЖТС, әлеуметтік салық) және әлеуметтік төлемдерден, Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № 28/2020 (ҚР ҮҚ 4т.) бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 наурыздан бастап төленетін эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын қызметкерлерге үстемеақыдан (МЗЖ, МКЗЖ, ӘА, МӘМС-ға аударымдар) босату шаралары көзделген.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты «Bіrgemiz» қоғамдық қоры тарапынан халықтың аз қорғалған әлеуметтік көмекке аса мұқтаж тобына көмек көрсетілуде.
«Bіrgemiz» қоғамдық қорынан жеке тұлғалардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек ретінде көрсеткен 647 АЕК шегіндегі қайырымдылық көмегі төлем көзінен жеке табыс салығынан ұсталмайды. Мұндай салықтан босатуға Салық кодексінің 1-бабының 20),38)-тармақшалары мен 341- баптың 34) тармақшасы негіз болады.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Түсіндіру жұмыс басқармасы