Date of publication: 29.04.2020 16:37
Date of changing: 29.04.2020 16:38

Салық кодексінің нормаларына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды, салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайды.

         Алайда, Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап бес жыл ішінде 427,428 баптардың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға ҚҚС тауарларды әкелу кезінде ҚҚС төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып,  айқындалған тәртіппен және мөлшерде төленуге тиіс.

         Осыған сәйкес, ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу талаптары бес жыл ішінде қолданылады.

Шымкент қ.бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы