
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаларға салық бойынша салықтарды есептен шығару арқылы салықтық амнистия қарастырылганы туралы еске салады.
Жылдың соңына дейін әрбір азамат есептелген айыппұлдарды есептен шығару үшін осы акцияны пайдалана алады. Жалғыз шарты, соңғы жылдардағы салық бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу керек.
Салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтынан және «электрондық үкімет» порталында «Электрондық сервистер», «салық берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтер» бөлімінде борышкердің ЖСН бойынша көруге болады
Мемлекеттік кірістер органдары күнделікті жеке шоттар мәртебесін бақылайды және егер негізгі борыш төленсе, айыппұлдарды жою туралы шешім үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады.