Date of publication: 04.09.2020 12:32
Date of changing: 04.09.2020 12:33

Салық кодексінің 774-бабының 2-тармағына сәйкес бiрыңғай жиынтық төлемді төлеушінің осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

 

           Мәселен, БЖТ төлеушінің шекті табысын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыстағы АЕК қолданылады, яғни 2 651 теңге (2020 жылға шекті табыстың мөлшері - 3 114 925 теңге).

 

          Салық кодексінің 775-бабының 2-тармағына сәйкес бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.

 

          Осылайша, БЖТ сомасы ағымдағы жылдың бір айы үшін қала тұрғындары үшін 1 АЕК немесе 2 651 теңге құрайды, ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге.

Бюджет пен қорлар арасында төлемдердің бөлінуі ыңғайлы болу үшін, бiрыңғай жиынтық төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аудару жолымен бір төлем тапсырмасымен жалпы сомамен төленуге жатады, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БЖТ-ді төмендегіше бөледі:

  • жеке табыс салығы (бюджетке 10%);
  • әлеуметтік төлемдер (ӘСМҚ-на 20 %);
  • зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ-на 30 %);
  • МӘМС –ға аударымдарына (ӘМСҚ-на 40 %).

Шымкент қ бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы