
Салық төлеушілер сатылған автокөлік үшін салық есептелсе немесе көлік құралының дұрыс емес сипаттамаларына байланысты салық дұрыс есептелмеген (қозғалтқыштың дұрыс емес көлемі, көлік құралының дұрыс санаты және т.б. көрсетілген) жағдайда салық төлеушілер деректерді үйден шықпай-ақ түзете алады.
Мұндай мәселелерді жедел шешу және дұрыс емес ақпаратты түзету үшін түзету қызметі жасалды. Ол онлайн режимде түзетуге, оның ішінде көлік құралының сипаттамаларын өзгертуге, көлік құралының иеліктен шығуына байланысты дерекқордан шығаруға және т. б. өтініш беруге мүмкіндік береді.
Бұл қызметті «Е – Salyq» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» арқылы пайдалануға болады, оны «App Store» және «Play Market» - тен жүктеуге болады.
Интерфейсте сату туралы құжаттарды немесе автомобильдің дұрыс деректерін қосу жеткілікті. Бірнеше күн ішінде ақпарат түзетіледі.
Шымкент қаласы бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы