
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық мемлекеттік кірістер органдары 2019 жылы жеке тұлғалардың жер салығы мен мүлік салығын есептеуді жүргізгенін хабарлайды. Салықтарды бюджетке төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 қазанына дейін
⠀
Салық кодексінің 73-бабында Мемлекеттік кірістер органдары есептеген мүлік салығы және жер салығы бойынша салық міндеттемелерінің сомалары туралы жеке тұлғаларды ақпараттандыру тәртібі айқындалған:
⠀ - коммуналдық қызметтерді жеткізушімен есеп айырысу үшін қолданылатын құжаттардағы нұсқаулар;
⠀- салық төлеушінің электрондық пошта мекенжайына жіберу;
- салық төлеуші ұсынған ұялы телефон нөмірлеріне СМС-хабарлама жіберу.
⠀Осы мақсаттар үшін салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органына өздерінің телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайлары туралы мәліметтерді ұсыну құқығы берілді.