
Шымкент қаласы бойынша МКД «Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жеке көлік құралдарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысын түсіндіреді.
Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін ҚазақстанрРеспубликасына әкелінген басқару органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу кезінде мемлекеттік тіркеу үшін алым ғана төленеді. Кедендік төлемдерді, механикалық көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алымды және утилизация алымын төлеу қажеттілігі жоқ. Бұл ереже 2021 жылғы 1 наурызға дейін жарамды.
Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін әкелінген көлік құралдары бойынша иесінде кедендік төлемдерді, механикалық көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алымды және утилизация алымын төлеу бойынша міндеттеме туындайды.