
Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтерді цифрландыру нәтижесінде бюджетке салықтарды қолма-қол ақщасыз төлеудің ыңғайлы және қарапайым сервистерін құру бойынша іс-шаралар жүргізілді.
МКК порталының eSalyq мобильді қосымшасында салық әмиянының қызметі App Store және Play Market жарияланған. Салық әмиянының қызметіне қол жеткізу үшін ұялы азаматтардың деректер базасында тіркелуді қажет ететін ЭЦҚ немесе СМС кодын қолдану арқылы eSalyq қосымшасында тіркелу қажет. Мобильді қосымшада логинді ЖСН/пароль, жылдам кіру коды және биометрия арқылы теңшеуге болады (FaceID, TouchID).
Салық әмиянының механизмі бюджетке төлемдерді автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі бар. Қызмет салық төлеушілерге бюджеттегі ағымдағы және алдағы міндеттемелер туралы ақпарат береді. Салық әмиянынан ақша декларацияларды, есептеулерді, уәкілетті органдардан ақпаратты ұсыну кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде қосылады.
Салық әмияндарын толтыру келесі мәліметтерге автоматты түрде жасалады:
Бенефициардың аты: «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті» ММ
Бенефициардың БСН: 141040004756
Бенефициардың банкі атауы: «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ
Банктің БСК: KKMFKZ2A
Бенефициардың шоты ЖСК: KZ24070105KSN0000000
БСК: 107109 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсiмдері»
ТБК: 911 «Есептелген (есепке жазылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер»
Салық міндеттемелерінен пайда болған салықтардың есебіне Салық әмиянынан ақша алу туралы хабарлама қызметке автоматты түрде шығады. Барлық жасалған операциялар тарихын «Төлемдер мен салымдар тарихы» қойындысынан тексеруге болады. Салық әмиянынан қайтару қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Салық төлеушінің кобинеті» web-қосымшасы, (egov.kz) «электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ eSalyq салық әмиянында «артық төлемді басқару» сервисі арқылы ұсынылған салық төлеушілердің салық өтініші негізінде жүзеге асырылады.
«Салық әмиянының» eSalyq мобильді қосымшасын дамыту мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді:
- азаматтардың мобильді базасымен интеграциясы нәтижесінде, Салық әмиянының сервисінде авторландыру SMS-пароль арқылы жүргізіледі;
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ картасын байланыстыру және төлемді Kaspi.kz қосымшасына аудару нәтижесінде Салық әмиянын толтыру процесі оңайлатылды;
- уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін Мемлекеттік кірістер комитетінің «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесімен интеграциялау нәтижесінде, 2020 жылғы 24 наурыздан бастап мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салық салу объектілері бойынша деректерді қарау сервисі іске асырылды;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін 2020 жылғы 22 сәуірден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің қарапайым және ыңғайлы сервисі іске асырылды;
- 30.06.2020 жылы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық немесе қате төленген сомасын есепке алуға не бюджетпен қайтаруға өтініш беру үшін «Артық төлемді басқару» сервисі іске асырылды;
- 04.09.2020 жылы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетімен және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-пен бірлесіп көлік құралдары және жылжымайтын мүлік бойынша салық салу объектілерін коррекциялау функционалы іске асырылды, бұл салық төлеушілерге растайиын құжаттарды қоса бере отырып, электрондық өтінімдер беруге жіне оларды объектілер бойынша мәліметтерді өзектендіруге уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберуге мүмкіндік береді.
2020 жылдың 4 тоқсанында заңды тұлғалар үшін салық әмиянының механизмін, атап айтқанда бірынғай деректемелер үшің төлеу және төлемді автоматтық есепке жатқызу, сондай-ақ жер учаскелері бойынша деректерді реттеу сервисін іске асыру және банктердің сервистерінде, e.gov, m.gov салық әмиянының сервистерін кеңейту жоспарлануда.
Салық әмиянының қызметі тек салық төлемдері үшін қарыздарды және алдағы төлемдерді автоматты түрде өтеуге арналғанын ескертеміз. eSalyq қосымшасындағы әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеу «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер туралы ақпарат» қызметінде жүзеге асырылады.
Техникалық сипаттағы сұрақтар туындаған жағдайда «Салық әмияны» хабарламасының тақырыбын көрсете отырып, culssd@mgd.kz және support_portal@inessoft.kz жіберілімдерге жүгіну қажет.
Шымкент қаласы бойынша МКД