Date of publication: 19.10.2020 09:30
Date of changing: 19.10.2020 09:31

 Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен бекітілген Шымкент қаласы бойынша полиция департаменті мен Шымкент қаласы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы арасындағы Меморандумға сәйкес 2020 жылдың 9-қазанынан бастап жер, мүлік және көлік салықтарынан берешегі бар жеке тұлғалардың берешек сомаларын өндіру бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Шараның басты мақсаты - көлік құралдары салығы бойынша берешегі бар жеке тұлғаларды анықтау болып табылады. Меморандум қатысушыларынан құралған топтар қала аумағында жүрген көліктерді тоқтатып, Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметіне сәйкес тексеріп, төленбеген жағдайда көлік құралдарын айыппұл тұрағына қою шарасын жүзеге асырылуда.

Жүргізілген іс-шара нәтижесінде 5 күн ішінде, 318 көлік құралы иелерінен 6,5 млн. теңгеден асатын сома бюджетке өндіріліп, 9 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.

Мысалы: 2018-2019 жж. 142 мың 665 теңге берешек сомасы төленбеген «Mercedes-Benz», 2018-2019 жж. 38 мың 363 теңге берешек сомасы төленбеген «Renault» маркалы көлік құралдары айыппұл тұрағына қойылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Жақын уақытта үйме-үй аралау жұмыстары бергіленген.

Құрметті салық төлеушілер! 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеке тұлғалардың берешек сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару рақымшылығы жүріп жатқанын назарларыңызға жеткіземіз.

Әр азамат аталған акцияны пайдалана алады. Басты шарт – өткен жылдардағы салық кезенінде мүлік, жер және көлік салықтары бойынша туындаған негізгі берешек сомасын толық көлемде төленсе, өсімпұлы есептен шығарылатын болады.

Салық берешегі туралы мәліметті ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің РК www.kgd.gov.kz, «Электронды үкімет, Электронды қызмет» бөлімінің ішінде «Салық берешегі бар/жоқ туралы ақпараттар» бөлімшесінен және мобильді құрылғыға «App Store» және «Play Market» арқылы «e-Salyq» қосымшасын орнату арқылы қол жеткізуге болады.

Мемлекеттік кірістер органдары салық берешегін төлеген салық төлеушілерді күнделікті мониторинг жүргізіп, өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешімді шығарады. Бұл ретте, Мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ.

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, берешек сомасын мәжбүрлі түрде өндіруге жеткізбей төлеуге шақырады.

Салық сомаларын kaspi.kz, homebank.kz екінші деңгейлі банк мобильді қосымшалары, «e-Salyq» қосымшасындағы «Салық әмияні» бөлімі арқылы төлеуге болады.

Бүгінгі таңға, 28 397 салық төлеуші рақымшылықты пайдаланып, 251 млн. 370 тыс. 812 теңге берешектерін төлеп, 44 млн. 319 тыс. 288 теңге өсімпұлы есептен шығарылды.

Сонымен қатар, 2020 жыл үшін көлік құралдарының салығын төлеу мерзімі 31 желтоқсанда аяқталатынын назарларыңызға жеткіземіз.