
2020 жылғы 1 қазаннан бастап «Виртуалды қойма» модулі тауарларының тізбесіне дәрілік заттар бойынша СЭҚ ТН 39 коды және құрамында алтыны бар тауарлардың СЭҚ ТН 12 коды енгізілді.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабының 2-тармағына сәйкес, салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.
Бұл ретте, есеп айырысулары жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайларда салық кодексінің 412-бабы 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шот-фактураны жазып беру талап етілмейді:
сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүргізіледі.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 166-бабына сәйкес бөлшек саудада өткізген жағдайда салық төлеушілер өткізу үшін ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырған кезде бақылау-касса машинасының чегін ұсынуға міндетті.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 412-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында салық төлеушілер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда шот-фактура жазып беруге міндетті екендігі белгіленген.
Бұл ретте, «ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 16 қазандағы хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі (ЕАЭО БКТ) баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың бақылануын қамтамасыз етеді), ЕЭК Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен және ЕЭК Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 59 шешімімен (ДСҰ алу тауарларының тізбесі) бекітілген.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде:
кез келген нысандағы дәрілік заттарды өткізгені үшін ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасының чегін ұсыну;
кодтары мен атаулары ДСҰ-ны алу тауарларының тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша «Виртуалды қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып беру (кодтары мен атаулары 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ДСҰ-ны алу тауарларының тізбесіне енгізілген дәрілік заттардың тізбесі қоса беріледі);
кодтары мен атауы ДСҰ тауарларын алу тізбесіне кірмейтін тауарлар бойынша салық төлеушінің виртуалды қоймасындағы қалдықтарды өзектілендіру мақсатында есептен шығару себебін көрсете отырып, «есептен шығару» нысанын ресімдеу арқылы «Виртуалды қойма» модулінде есептен шығару жүргізілсін «СЭҚ ТНВЭД осы коды бар тауар «Виртуалды қойма» модулінде жүргізілуге жатпайды.