
Жалпы ақпарат бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
* Кандидаттың (жұбайының) ЖСН)
* салық кезеңі (декларация табыс етілген айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша), мысалы, қараша айында табыс етілген кезде-2020 жылғы "10" ай»;
* Кандидаттың (жұбайының) аты-жөні);
* Декларацияның түрі (бастапқы);
* Салық төлеушінің санаты - 6"А" торкөзі белгіленеді: Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар мен олардың жұбайлары (зайыптары).
Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар мен олардың жұбайлары декларацияға 230.01-қосымшаны толтырады.
230.01-қосымшада декларация табыс етілген айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша қолда бар мүлкі және кірістері туралы мәліметтерді көрсету қажет (мысалы, декларацияны қараша айында табыс еткен кезде мәліметтер 1 қарашадағы жағдай бойынша толтырылады).