
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айдарханов Рустам Рамазанович 26.11.2020 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында Шымкент қаласындағы Қаржы министрлігі жүйесі органдарының бірінші басшылары мен Әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесіп, жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында Р.Айдарханов қызметкерлер тарапынан қызметтік этиканы сақтау, хылыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру қажеттігін, сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың маңыздылығы мен олардың сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл Р.Айдарханов Шымкент қаласындағы Еңбекші және Қаратау аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына барып, ұжыммен кездесіп, салықтөлеушілерге көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасымен және Еңбекші ауданы бойынша МКБ-да ҚР Қаржы министрлігінің бастамасымен құрылған «Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен танысты.